USD
USD
USD

Екібастұз моноқалалар қатарынан шығарылды

Екібастұз қаласындағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 28,1%-ға өскен, негізгі капиталға салған инвестиция да артқан.

Екібастұз
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Ұлттық экономика министрлігі моноқалалар тізілімі жаңартылғанын хабарлады.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрінің бұйрығымен Екібастұз моноқалалар қатарынан шығарылды.

«Ұлттық экономика министрлігі моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуына өнеркәсіп өндірісінің серпіні, инвестициялық белсенділік, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамту құрылымы және экономиканың орнықтылығының басқа да параметрлері секілді 78 негізгі көрсеткіш бойынша кешенді талдау жүргізді.

Талдау нәтижесі бойынша, Екібастұз экономиканы әртараптандырудың тұрақты үрдісін, дамудың монопрофильді моделінен біртіндеп шығуды көрсетті. Қала экономикасы теңдестірілген салалық құрылыммен, өнеркәсіптің тұрақты өсуімен және жоғары инвестициялық белсенділікпен сипатталады», – делінген ресми хабарламада.

Екібастұзды тізілімнен шығару қала экономикасының табысты трансформациясының көрсеткіші болып саналады. 

Бүгінгі таңда Екібастұз еліміздің энергетика және металлургия саласында шешуші рөл атқаратын маңызды өнеркәсіп орталығы болып отыр. 2025 жылғы қорытынды бойынша қаладағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 629,4 млрд теңге болды. Бұл 2024 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, 28,1%-ға артық. Негізгі капиталға салынған инвестиция 429,8 млрд теңгеге жетіп, өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,2 есе өскен.

Жаңартылған тізілімде қазіргі уақытта 19 қала бар: Абай, Ақсай, Ақсу, Алтай, Балқаш, Жаңаөзен, Жітіқара, Лисаковск, Қаражал, Кентау, Құлсары, Курчатов, Риддер, Рудный, Сәтбаев, Степногорск, Теміртау, Шахтинск және Хромтау. 

Осылайша, елдегі моноқала саны 20-дан 19-ға дейін қысқарды.

 

Қазір оқып жатыр

Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған

Бүйрек сату

ҰҚК: Астанада және бірнеше қалада «автоЦОН» басшылары 100 млн теңге пара алған

Күдікті

Депутаттар портреті. Геннадий Шиповских. «Сары бала»

 Геннадий Шиповских

«Қылғындырып, қыста далада жалаңаяқ қалдырды»: ұлдарынан жәбір көрген әке көмек сұрайды

Бақытбек Қадысұлы