USD
USD
USD

Екібастұз қаласында Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы сотталды

2025 жылдың 31 наурызында Павлодар облысында Екібастұз қалалық соты Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Д. Куконевке, оның орынбасары Ж. Маймановқа және кәсіпкер Б. Жұмашевке қатысты үкім шығарды.

Айбат Ерғалиев
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Куконев пен Майманов Жұмашевтен өзінің кәсіпорнымен мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет көрсету шарттарын жасасқаны үшін жалпы сомасы 7,4 млн теңгені бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен Куконев 7 жыл 6 айға, Майманов пен Жұмашев әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сонымен қатар, Куконев «азаматтық қорғаныс полковнигі», Майманов «азаматтық қорғаныс майоры» арнайы атағынан айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram