USD
USD
USD

Екі төреші Қазақстан Премьер-лигасының матчтарынан уақытша шеттетілді

Қазақстан футбол федерациясы төрешілер Санжар Ысқақов пен Татьяна Сорокопудованы ұлттық жарыстар аясындағы матчтарға қызмет көрсетуден уақытша шеттетті.

Санжар Ысқақов пен Татьяна Сорокопудова
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Астана, NEGE. Бұл шешім Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турында – «Ордабасы» – «Атырау» матчында  жіберілген өрескел қателіктерге байланысты қабылданды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Каштру төрешілер мен VAR тарапынан жіберілген үш негізгі қателікті растады. Атап айтқанда, 82-минутта төреші голды офсайд деп есептемеген, 90+7-минутта пенальтиді қателесіп тағайындаған, 90+13-минутында абайсыз әрекет үшін сары қағаз берудің орнына ойыншыны алаңнан қуу жөнінде қате шешім қабылдаған. 

Матчта VAR төреші болған Татьяна Сорокопудова да қателік жіберген.

Бұл қателіктер матч нәтижесіне әсер етті.

Төрешілерлің мәртебесіне қатысты түпкілікті шешім федерацияның құзыретті органдары тарапынан жан-жақты тексеріс жүргізілгеннен кейін қабылданады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы