USD
USD
USD

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев отбасының әл-ауқатын бағалайтын онлайн-есептеуішті сынақтан өткізіп көрді. Нәтижесінде министрдің отбасы В санатына жатқызылды.

Асқарбек Ертаев
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Министр 49 жаста екенін, айына 1,2 млн теңге жалақы алатынын, жұбайы жұмыс істемейтінін және отбасында төрт бала бар екенін айтты. Сондай-ақ онлайн-есептеуішке ауданы 100 және 60 шаршы метр болатын екі пәтері мен 2013 жылғы Toyota Camry 50 автокөлігі енгізілді. 

Сондай-ақ Ертаевтың 29 жастағы үлкен ұлы айына 600 мың теңге, ал 23 жастағы ортаншы ұлы 400 мың теңге табыс табатыны мәлім болды. Бұдан бөлек министр 13 жастағы қызы мен төрт жастағы ұлы бар екені айтты.

Министр отбасының жеке бизнесі мен жер телімдері жоқ екенін алға тартты. Осы деректер енгізілгеннен кейін онлайн-есептеуіш министрдің отбасын В санатына жатқызды. Айты кетейік, бұл санаттағы отбасылар келер жылдан бастап республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бірқатар жәрдемақыны ала алмайды.

Ертаевтың айтуынша, отбасы соңғы рет 2022 жылы төртінші баласы дүниеге келгенде жәрдемақы алған. Содан бері ешқандай жәрдемақы алмайтынын айтқан министр әлеуметтік төлем алатын болса, одан бас тартуға дайын екенін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Mercedes-Benz көлігі, жан басына шаққандағы табысы 356 мың болатын отбасыға жәрдемақы берілмейді

Әлеуметтік төлемдер тақырыбындағы брифинг

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі

Қазақстанда ең жоғары 2,4 млн теңге жалақыны қандай дәрігерлер алады?

дәрігер

Қазақстанда 200-ден астам азамат көмекке мұқтаж болмағандықтан, жәрдемақыдан ерікті түрде бас тартты

Бектенов, Жұманғарин, Мәдиев