USD
USD
USD

Екі облыста жол жабылды

Екі облыста республикалық маңызы бар автожолдар жабылды, деп хабарлайды "Қазавтожол" АҚ.

"Қазавтожол"
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Абай облысында 1 учаске жабық:

"Алматы-Өскемен" автожолы, 615-683 км, Жетісу облысының шекарасы мен Таскескен ауылының арасына дейін.

Ал Жетісу облысында 2 учаске жабық. "Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма мен Достық станциялары аралығында 100 км жолда жүруге шектеу қойылды.

Сондай-ақ "Алматы-Өскемен" автожолында 557-615 км, яғни Үшарал қаласы мен Абай облысының шекарасына дейін 58 км жол жабық.

Шектеу көліктің барлық түріне қойылды.

Дәл қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 391 бірлік техника және 686 қызметкер жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.

Үкімет жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін шекарадағы бақылауды күшейтеді

.

Ақтөбеде өртенген көліктен үш адамның денесі табылды

.