USD
USD
USD

Екі қазақстандық боксшы Азия чемпионатының ширек финалына өтті

Оразбек Асылқұлов пен Бейбарыс Жексен бокстан Азия чемпионатының ширек финалына шықты.

Бокс
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстандық боксшылар Чианг Майда (Тайланд) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатын сәтті бастады.

Оразбек Асылқұлов (57 келі) екінші айналымда малайзиялық Зулхайлан Мохамадты жеңді. Ол қарсыласын нокаутқа түсірді. 5 желтоқсанда Оразбек жартылай финалға шығу үшін ринг иесі Тайландтық Чуджан-Атом Пануватпен кездеседі.

Бейбарыс Жексен (60 келі) өзбекстандық Дилшод Абдумурудовты 4:1 есебімен ұтты. 5 желтоқсанда Бейбарыс тәжікстандық Акмал Убайдовпен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors