Екі алтын, екі қола: Қазақстан Азия ойындарын сәтті бастады
Қазақстан құрамасы Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде екі алтын және екі қола жүлде иеленді.
Астана, NEGE. Қазақстанның ерлер құрамасы Аичи–Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан қола жүлде жеңіп алды. Бұл – Қазақстанның осы спорт түрінен Азия ойындарында 2010 жылдан бергі алғашқы медалі.
Финалда Қазақстан атынан Тихон Варехин, Темірлан Абдраимов және Лев Чувашов өнер көрсетті.
Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде тағы бірнеше жүлдеге қол жеткізді. Триатлоншы Арлан Жанабай 53 минут 11 секунд нәтижемен қола медаль иеленді.
Велоспорттан Рината Сұлтанова жекелей уақыт жарысында 36:23.72 нәтижемен чемпион атанып, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды.
Осы жарыстың ерлер арасындағы сынында Алексей Луценко да жеңіске жетіп, Қазақстанға екінші алтын медальді әкелді.
Осылайша, жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан триатлон, велоспорт және қазіргі бессайыстан жүлдеге ие болды.