USD
USD
USD

«Эйр Астана» Үрімші мен Бейжіңге ұшатын кейбір рейстерін қысқартады

Қытайда коронавирустың таралуына және салдарынан коммерциялық төмен жүктемеге байланысты «Эйр Астана» 6, 11 және 18 ақпанда Үрімшіге Нұр-Сұлтаннан жоспарланған рейсін  және 8, 16 және 24 ақпанда Алматыдан жоспарланған рейсін, сонымен қатар Нұр-Сұлтаннан 22 ақпанда Бейжіңге жоспарланған рейсін, ал Алматыдан 19 және 26 ақпанда жоспарланған рейсін орындамайды.

«Эйр Астана» Үрімші мен Бейжіңге ұшатын кейбір рейстерін қысқартады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осы орындалмайтын рейстерінің жолаушыларына әуе компаниясы бағытты өзгертуді, билетті қайта брондауды немесе қайтаруды айыппұлсыз жүзеге асырады. Ол үшін тәулік бойы істейтін брондау және ақпарат орталығына 244 4477 (Алматыда) және 58 4477 (Қазақстанның басқа қалаларында) телефондары арқылы, сондай-ақ +7 702 702 4477 және call.centre@airastana.com электрондық поштаcы арқылы немесе билетті сатып алу орнына хабарласу керек.

Бүгінгі таңда «Эйр Астана» әуе компаниясы Нұр-Сұлтаннан Үрімші мен Бейжіңге аптасына 3 рейсті, Алматыдан Үрімшіге – 4, Бейжіңге – аптасына 5 рейсті орындайды. Ұшу кестесінде бұдан әрі өзгерістер болған жағдайда, әуе компаниясы қосымша хабарлайды.                                                      

Қазір оқып жатыр

Депутат туысының бизнесіне қатысты заңға дауыс бере ала ма?

Құрылтай брифингі

Фельдшер қазасы: Астанада қасбеті құлаған үйдің бұрынғы басқарушыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ұлдана Мырзуан өлімі бойынша сот отырысы

Алматыда аялдамада тұрған зейнеткерді аяусыз ұрып-соққан ер адамға үкім шықты

Аялдамада соққыға жыққан

ЖСДП бензин сапасын бақылауды күшейтуді ұсынды

бензин сапасы