USD
USD
USD

«Эйр Астана» Алматы-Париж бағытына рейс ашады

«Эйр Астана» 2020 жылы Алматы-Париж бағыты бойынша 2020 жылғы маусым айынан ұша бастайды.

«Эйр Астана» Алматы-Париж бағытына рейс ашады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Рейстер аптасына 3 рет жаңа Airbus A321LR ұшағымен орындалады. Алғашқы әуелайнер 2019 жылғы қазан айында келген, сонымен әуекомпаниясы осы үлгідегі ұшақтың ТМД елдерінде бірінші пайдаланушысы болды және бір жарым жылда тағы алтауын күтеді.

Ұшулар сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады.

Алматыдан рейс сағат 14.15 басталады және Парижге ұшақ сағат 18.00 қонады, Парижден рейс сағат 19.20 басталады және ұшақ келесі күні сағат 06.35 қонады.

Ұшу уақыты тиісінше 7 cағат 15 минутты және 7 cағат 45 минутты құрайды.

Авиабилеттің ең төменгі құны эконом-класта от 191 765 теңгеден (екі жаққа барлық алымдарды қосқанда), ал бизнес-класта 944 206 теңгеден басталады.  Тарифқа байланысты 32 кг екі жолжүкті тапсыруға болады.

Билеттер сатылымы airastana.com cайтында басталған.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ