USD
USD
USD

Эйфель мұнарасында белгісіз біреу туристерге пышақпен шабуыл жасап, бір адам қаза тапты

Париждегі Эйфель мұнарасының маңында белгісіз біреу пышақпен туристерге шабуыл жасады. Бір адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды. Бұл туралы  BFMTV порталы хабарлады.

Эйфель мұнарасында белгісіз біреу туристерге пышақпен шабуыл жасап, бір адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Деректерге сай, Шабуыл Гренель жағалауы аймағында болған. Ер адам өтіп бара жатқан Германия азаматы мен оның досына көпірде бас салған. Жәбірленуші алған жарақаттарынан қайтыс болды. Болжам бойынша, қылмыскер балғамен де қаруланған. Шабуылшы "Аллаһу әкбар!" деп айқайлап, сол маңайдағы тағы екі адамға жарақат келтірген. Полиция оны ұстау үшін электр шокерді пайдаланған.

Телеарнаның хабарлауынша, шабуыл жасаған 26 жастағы Франция азаматы болып шықты. Ол бұған дейін де радикалды ислам мен "психикалық бұзылыстарға" байланысты полицияның назарын аударған.

"Тұтқынға алынғаннан кейін ол Ауғанстан мен Палестина мұсылмандардың қырылып жатқанына бұдан былай шыдай алмайтынын айтты", - деді Франция ішкі істер министрі Жеральд Дарманин.

2016 жылы ер адам дәл осылай ұсталып төрт жылға бас бостандығынан айырылған. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова