USD
USD
USD

eGov жүйесінде онлайн нотариус қызметі іске қосылды

11 сәуірде, Әділет министрлігі ЦДИАӨМ-мен бірлесіп, азаматтарға нотариаттық қызметтер алуды айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік беретін «Цифрлық нотариат» жаңа жобасын таныстырды. Енді қазақстандықтар сенімхаттардың барлық түрін электронды түрде рәсімдей алады.

 eGov жүйесінде онлайн нотариус қызметі іске қосылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан нотариаттық қызметтің осы түрін цифрлық форматқа ауыстырған әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Бүгінгі таңда онлайн режимде тек Франция мен Литвада ғана сенімхатты нотариалды куәландыруға болады.

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметтің «цифрлық» бастамалары аясында (сондай-ақ Digital Justice жобалар портфелі шеңберінде) Әділет, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері және Республикалық нотариаттық палатамен бірлесіп іске қосылды.

Бұрын сенімхатты рәсімдеу кезінде құжатқа қол қою және нотариустың куәландыруы үшін клиенттің келуі талап етілген.

Енді нотариаттық сенімхат азаматтарға eGov Mobile арқылы қолжетімді болып отыр. Ал болашақта бұл қызмет бірқатар банк қосымшасында пайда болмақ. 

«Цифрлық сенімхат» онлайн режимде клиент пен нотариустың бейнебайланысы арқылы рәсімделеді.

Бұл қызметті өтініш берілген сәтте бос кез келген нотариус көрсете алады. 

 Цифрлық сенімхатты барлық мемлекеттік органда немесе талап етілген ұйымдарда қағаз құжат сияқты ұсынуға болады.

Ал қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында eGov Mobile қосымшасына кіру кезінде де, өтінімге қол қою кезінде де пайдаланушының биометриялық деректерін қолдана отырып, ЭЦҚ пайдаланылады.

Қазір оқып жатыр

Қазан айында ауаның орташа температурасы нормадан 1–2°С жоғары болады деп болжанды

Қазанға арналған ауа райы болжамы

Халық кеңесін құруға бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінбек: қаражат қайда жұмсалады?

Ақша

Ұлттық қор активін 100 млрд долларға жеткізу мерзімі кешеуілдеуі мүмкін: себебі неде?

Тиындар

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

eGov