Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

eGOV порталына биометрия арқылы тіркелу мүмкіндігі іске қосылады

Egov порталына биометрия арқылы тіркелу мүмкіндігі болады.

eGOV порталына биометрия арқылы тіркелу мүмкіндігі іске қосылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру мәселесі қаралды. Халыққа мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсету туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин баяндады, деп хабарлады primeminister.kz. «Қазіргі таңда мемлекеттік тізілімде 700-ге жуық қызмет бар, олардың 85,5%-і онлайн. Біздің мақсатымыз – биыл осы көрсеткішті 90%-ке жеткізу. Қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құзретінде. Олар жүргізген қоғамдық мониторинг нәтижесі бойынша еліміздің өңірлерінде халықтың мемлкеттік қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін көтеру қажет екені айқын», - деді Б.Мусин.

Министрдің айтуынша, ол үшін ведомствоның алдына қойылған бірқатар ашық мәселе бар. Мысалы, мемлекеттік қызметті алу үшін халық әлі де тікелей мемлекеттік органға немесе әкімдікке жүгінеді. Осындай қызметтер саны қазір 200-ден астам. Мәселені талдау үшін Бас прокуратурамен бірлесіп халықтан келіп түскен өтінішерді зерттелді. Нәтижесінде азаматтардың келіп түскен 2 млн-нан астам өтініштердің 30%-і мемлекеттік қызметтерді алу жөнінегі сұраныс болып шықты. 

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz