USD
USD
USD

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

Енді eGov.kz порталында және eGov Mobile қосымшасында жаңа қызмет іске қосылды. Бұл сервис тегін және шұғыл түрде аурухана түскен жағдайда кімге хабарлау қажеттігін алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.

eGov
Фото: Azattyq Rýhy

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Енді eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасына сенім білдірілген үш адамның байланыс нөмірін енгізіп қоюға болады. eGov-қа дерегі енгізілген адамдарға туысы ауруханаға түсіп, жақындарымен өз бетінше байланыса алмаған жағдайда автоматты түрде хабарлама жіберіледі.

Сервисті қосу үшін eGov порталынан «Емдеуге жатқызылған жағдайда хабардар ету үшін сенім білдірілген контактілерді тіркеу» қызметін таңдап, сенім білдірілген адамның ЖСН-ін көрсету қажет.

«Сенім білдірілген контакт 18 жастан асқан және Мобильдік азаматтар базасында тіркелген болуы тиіс», – деп ескертеді ДСМ өкілдері.

eGov Mobile қосымшасы арқылы бұл қызметті «Мемлекеттік қызметтер» → «Денсаулық сақтау» командаларын орындау арқылы қосуға болады.

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік төлем: Қазақстанда отбасының байлығы қалай есептеледі?

отбасының әл-ауқаты

ҚМА Перизат Қайраттың туысының Дубайдағы пәтерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Перизат Қайрат

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті