USD
USD
USD

Егізді дүниеге әкелген келіншек көз жұмды

 Оралда егіз бала тапқан 35 жастағы келіншек ауруханада көз жұмды.

Егізді дүниеге әкелген келіншек көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық көпбейінді аурухана директорының орынбасары міндетін атқарушы Наталья Кочегарованың мәлім еткеніндей, қан көп кеткендіктен, Эльвира Әшімова 30 сәуір күні сағат 11.00-де қайтыс болды. Оның сөзіне қарағанда, әйелдің 10, 5 және 1,5 жастағы үш баласы бар. Үшінші баласын босанғаннан 5 ай өткен соң, егізге жүкті болған. Қысқа уақыт ішінде ағза қалпына келіп үлгермеген. Онымен қоса, бүйрегінде инфекция анықталып, жүктілік кезінде емделген. Анемия да болған.

«Әйел ауруханаға 27 сәуір күні түсті. Сол кезде қан қысымы жоғары болып, өзін әлсіз сезініп, басы айналғаны жөнінде айтты. Сосын қан құю жөнінде шешім қабылданды. Ол келісімін берді. Қан құю қалыпты өтіп, гемоглобині көтерілді. Келесі күні босану залына ауыстырылды. Өмірге егіз шақалақ келді. Олардың әрқайсысының салмағы 3 келіге жуық. Плацентаны, суды қоса алғанда, шақалақтардың жалпы салмағы 8-10 келіні құрады. Мұның жатырға қаншама ауыр салмақ түсіретінін шамалауға болады», – дейді Н.Кочегарова.

Оның айтуынша, әйел босанғаннан кейін қан кете бастаған. 30 сәуірге қараған түні ота жасалып, жатыр алынып тасталған. Қолға алынған іс-шараларға қарамастан, көп қан жоғалтқан әйелді аман алып қалу мүмкін болмады. «Егіз бала аман-сау, оларды туыстары алып кетті», – деді Н.Кочегарова. Айта кетейік, бұл – соңғы кезде Орал қаласында болған екінші оқиға. 29 сәуірде он күн бойы ес-түссіз жатқан Таңшолпан Мұқанова өмірден өтті. Оған облыстық перинаталды орталықта кесар тілігімен ота жасалып, қыз бала дүниеге келген. Кейін ол облыстық ауруханаға ауыстырылып, сонда қайтыс болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, қазіргі кезде осы екі оқиға бойынша арнайы комиссия жұмыс жасап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі

Ақтауда автогаз құю бекеттеріндегі кезек азайды

Ақтау

Қазақстандағы ақылы жол тарифі шетелмен салыстырғанда 15–40 есе төмен

Ақылы жолдар

Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

Абылай Мырзахметов