USD
USD
USD

Мысырда қазақстандық туристер мінген автобус апатқа ұшырады

Мысырда ТМД туристері мінген автобус аударылды.

Қазақстан туристері
Фото: cairo24

Алматы, NEGE. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі Cairo 24 басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 40-тан астам адам зардап шекті. Олардың көпшілігі Ресей мен Украинадан келген туристер.

«Зардап шеккендердің 31-і — Ресей мен Украинадан, үшеуі — Қазақстаннан, үшеуі — Әзербайжаннан, тағы төртеуі мысырлық екені анықталды. Зардап шеккендердің барлығы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді. Болған жайтқа қатысты тиісті хаттама жасалды. Сондай-ақ, қажетті шаралар қабылданды», — деп жазады басылым.

Апат Суэц шығанағының жағасындағы Рас-Сидр қаласының маңында болғаны белгілі. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.