USD
USD
USD

Египет президенті COVID-19-ға қарсы вакцина салдырды

Египет президенті Абдель Фаттах ас-Сиси коронавирустық инфекцияға қарсы екпе салдырды. 

Египет президенті COVID-19-ға қарсы вакцина салдырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Мемлекет басшысы кеңсесінің ресми өкілі хабарлады. Оның айтуынша, саясаткер COVID-19 препаратының алғашқы дозасын халықты вакцинациялаудың ұлттық науқаны аясында алған. Дегенмен оған қандай вакцина салынғаны нақтыланған жоқ. Сәуір айының басында Египетте шамамен 150 мың адамға екпе егілді. Елде AstraZeneca, Sinopharm, CoviShield және «Спутник V» сияқты вакциналар тіркелген. Басқа өндірушілердің препараттары да зерттеліп жатыр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Египетте коронавирустың 221 570 жағдайы расталды, 166 457 науқас жазылып шықса, 12 998 адам вирустан қайтыс болды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер