USD
USD
USD

Египет Қазақстанға тікелей рейстерді іске қосады

  Мемлекет басшысының халықаралық рейстер санын ұлғайту, сондай-ақ «ашық аспан» режимін іске асыру жөніндегі тапсырмасы аясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Египеттің авиациялық билік орындарымен бірлесіп «Air Cairo» египеттік әуе компаниясының Қазақстанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Египет Қазақстанға тікелей рейстерді іске қосады
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Осылайша, «Air Cairo» әуекомпаниясы А-320 типті әуе кемелерінде Астана – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылғы 13 наурыздан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен (дүйсенбі және жұма) және Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 2023 жылғы 14 наурыздан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен (сейсенбі және сенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр .

Бұл әуе компания әлемнің 20-дан астам еліне (Армения, Дания, Австрия, Әзербайжан, Франция, Грузия, Германия, Венгрия, Италия және т.б.) 50 бағыт бойынша халықаралық рейстерді орындайды.

Әуе компания паркінде Airbus A320, A320neo, ATR 72 және Embraer 190 типті 19 әуе кемесі бар.

Қазақстан мен Египет арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Қазір оқып жатыр

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID