USD
USD
USD

Егінді енді робот орады

Жаңа технология егін алқабына да келді.

Егінді енді робот орады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Егінді робот орады. Комбайншыға қолқанат құл-темірлер, біздің елде де бар.  Жұрт жарыса айтып жүрген жасанды интелект егіс алқаптарына да жетті. Енді робот комбайншының жүктемесін азайтады. Нақтырақ айтсақ орақ кезінде техниканы адам емес компьтер жүргізеді. Ал комбайншы оператор қызметін атқарады. Яғни жаткағаның жұмысын, бункердің толуын және жүріп келе жатқанда бір дәнді жерге түсірмей жүк көлігіне төгуге назар аударады.

Жүйенің Джи-пи-эс навигатордан артықшылығы да сол. Ол алдын ала белгіленген сызық бойымен емес, егіс шетімен жүреді және кедергіні көреді. Көздің қызметін комбайнның шекесіне орналасқан мына камера атқарады. Ол ақпаратты басқару жүйесіне жеткізеді. Сол жерден техниканың бағыты реттеледі. Сәйкесінше орақ босқа айналмай, егісті толық қамтиды. Бұл жұмыстың өнімділігін арттырады.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді