USD
USD
USD

Егін жинау қарқыны артты

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында биылғы егін жинау жұмыстары жөнінде баяндады.

Егін жинау қарқыны артты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Статистикалық деректер бойынша, биылғы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы 22,7 млн гектарды құрады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 439,2 мың гектарға көп. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алабы 15,8 млн гектарды, майлы дақылдар – 2,9 млн гектарды, көкөніс, бақша дақылдары мен картоп – 457,4 мың гектарды, мақта – 125,8 мың гектарды, қант қызылшасы – 20,9 мың гектарды, азықтық дақылдар – 3,3 млн гектарды құрады», – дейді министр.

Спикердің айтуынша, биыл елімізде егін жинау жұмыстары уақытылы басталды. Егін жинау қарқыны өткен жылмен салыстырғанда жоғары.

«Мәселен, бүгінгі таңда республика бойынша барлығы 3,3 млн гектар дәнді және бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы алаңының 21,2 пайызы жиналды. Өткен жылы осындай кезеңде 2,1 млн гектар немесе 14 пайызы жиналған болатын. Орташа өнімділік гектарына 13,5 центнерді құрап, 4,5 млн тонна астық бастырылды. Өздеріңіз білетіндей, биылғы жаз маусымында өткен жылғыдай қуаңшылық болды. Төтенше жағдай мен карантин режиміне қарамастан, егіс науқаны оңтайлы мерзімде жүргізілді. Ылғалды жабын мен топырақты егіс алдындағы өңдеу бойынша Сапалы және уақытылы жүргізілген іс-шаралар топырақтың өнімді ылғалдығын сақтап қалуға мүмкіндік берді», – деді Сапархан Омаров.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Семей

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Өрт сөндіру

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Депутат

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты

Ай