USD
USD
USD

Эдуард Ким әртістік жүзуден әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды

Хургадада (Мысыр) әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі өз мәресіне жетті.

Эдуард Ким
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстан құрамасының өкілі Эдуард Ким бұл турнирде үшінші орын иеленді.

Спортшы техникалық бағдарламада өнер көрсетіп, қола жүлдені жеңіп алды. Ол 211,2383 ұпай жинады.

Бұл бағдарламада бірінші орынды Қытай өкілі Ме Го жеңіп алды — 224,5450 ұпай. Екінші орынға Ұлыбритания спортшысы Ранжо Томблин ие болды — 218,7650 ұпай.

Алдияр Рамазанов алтыншы орынға тұрақтаса, Виктор Друзин сегізінші нәтиже көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы