USD
USD
USD

«Едіге би» жырының қолжазбасы жарыққа шықты

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары қазақ халқының құнды мұраларының бірі – «Едіге би» жырының ең көне қолжазбасын цифрлы форматқа көшіріп, факсимиле нұсқасын жарыққа шығарды.

Едіге би
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Едіге би» жырына арналған қолжазба шамамен XV ғасырда белгісіз автор тарапынан жазылған. Аталған жырдың алғашқы нұсқаларын XIX ғасырдың басында қазақ ғалымы, шығыстанушы және фольклорист Шоқан Уәлихановтың әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы көшіріп жазып, сол арқылы бұрын жоғалып кеткен нұсқаларды қайта қалпына келтірген болатын.

Кейіннен бұл нұсқа Шоқан Уәлиханов тарапынан толықтырылып, өңделіп, 1842 жылы Ахмет есімді кісінің қолымен біріккен нұсқа ретінде көшірілген.

Аталған жыр түркі тілдеріне тән емес көне тіркестер мен сөзқолданыстарымен ерекшеленеді, бұл оның көне дәуірлерден қалған поэма екенін айғақтайды. Бұл жайтқа белгілі түркітанушы ғалым П.М. Мелиоранский өз еңбектерінде ерекше тоқталған.

Поэма Едігенің дүниеге келуімен басталып, Тоқтамыстың ұлы Қадырбердінің қолынан қаза табуымен аяқталады. Аңыз бойынша, Едіге қасиетті Ұлытаудың биік шыңдарының бірінде жерленген. Қазір бұл шың Едігенің атымен аталады.

Айта кетейік, бұл жыр алғаш рет 1905 жылы Санкт-Петербургте профессор П.М. Мелиоранскийдің редакциясымен «Едіге мен Тоқтамыш туралы аңыз» деген атпен жарық көрген.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала