USD
USD
USD

«EDEN LIFE» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Алматыда инвестиция саласындағы маркетинг компаниясы ретінде жұмыс істеген «EDEN LIFE» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігі мәлім етті.

«EDEN LIFE» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы бойынша аумақтық департаменті инвестиция саласындағы маркетингтік компания ретінде жасырылған EDEN LIFE қаржы пирамидасының қызметіне тоқтау салды.

«Ұйымдастырушылар басқа салымшылардың қаражатын тарту арқылы пайда болған тиімді сыйақыны алуға кепілдік бере отырып, азаматтарға инвестициялық жобаларға ақша салуды ұсынды», – деп жазылған Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан хабарламада.

Ведомство мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу қаржылық пирамиданы, алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобын құру және оған басшылық ету фактісі бойынша жүргізілуде. Осыған байланысты агенттік қазақстандықтарды сақ болуға және ақшаны күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат