USD
USD
USD

Эден Азар Бельгия құрамасындағы карьерасын аяқтады

"Реал" мен Бельгия құрамасының жартылай қорғаушысы Эден Азар ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Эден Азар Бельгия құрамасындағы карьерасын аяқтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Бүгін ұлттық құрамадағы карьерамды аяқтадым. Сіздердің қолдауларыңызға рахметімді айтамын. 2008 жылдан бері еліміздің басты командасында доп теуіп келдім. Өкінішке қарай құрамадағы ойынымды осымен тоқтаттым. Артымыздан жастар өсіп келе жатыр. Жолымды соларға бердім", - деп жазды Азар.

Еске салайық, Азар алғаш рет Бельгия құрамасының сапында 2008 жылдың 19 қарашасында алаңға шықты. 126 матчта 33 гол салды. 36 рет нәтижелі пас беріп, капитан ретінде алаңға 56 мәрте шықты.

Қазір оқып жатыр

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова