USD
USD
USD

Эдди Хирн: Сондерс Головкинді іздесін

IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин WBO тұжырымының иегері Билли Джо Сондерспен жұдырықтасуы мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz жазды.

Эдди Хирн: Сондерс Головкинді іздесін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. iFL TV телеарнасына сұхбат берген атақты промоутер Эдди Хирн Головкин мен Сондерсті «сүзістіруге» әрекет жасайтынын айтты.

«Айталық, сіз Сондерістің орнында болсаңыз, Калеб Плантпен немесе Давид Бенавидиспен жұдырықтасуға ниет танытар ма едіңіз? Сондерс Каллум Смитпен немесе Канеломен кездесуге мүмкіндік таба алмаса, онда орта салмаққа қайта оралып, Деметриус Андрадемен жұдырықтасып көргені жөн. Орта салмақта оған тамаша мүмкіндік көп. 160 фунтта Головкин бар. Маған салса, Сондерс пен Головкинді шағарар едім. Әрине, Сондерс Канеломен кездескісі келеді-ақ. Бірақ оған Канело көне қоя ма? Сондықтан Сондерске тездетіп орта салмаққа оралып, Головкинді іздегені жөн» деді Эдди Хирн.

Қазір оқып жатыр

Полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып, қаза тапты

Қостанай ПД

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet