USD
USD
USD

Жер астымен Қырғызстанға бензин айдайтын құбыр табылды

Шекарашылар жанар-жағармайды шекара арқылы тасымалдауға арналған жерасты магистралын анықтады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жер астымен Қырғызстанға бензин айдайтын құбыр табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Мемлекеттік шекараның күзетін қамтамасыз ету міндеттерін атқару барысында қазақстандық шекарашылар Қырғызстандық әріптестерімен бірлесіп қазақ-қырғыз шекарасы бағытындағы Жамбыл облысының шекара маңындағы аумағынан жер астына қазып төселген екі пластик шлангіні анықтады. Шлангінің бірінен бензин иісі бар сұйықтық табылды.

Алдын ала болжам бойынша, анықталған жайт шекара арқылы заңсыз ЖЖМ тасымалдауға арналған, жақсылап жасырылған жер асты магистралы болуы ықтимал.

Аталған факті бойынша тиісті органдарға ақпарат берілді. Қазіргі уақытта тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.