USD
USD
USD

Жалған ақпарат таратқандар 10 жылға сотталуы мүмкін

Түркістан облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Әбдіғани Сейдуалиев өңірлік брифингте коронавирусқа байланысты жалған ақпарат таратқан үш адамның тергеліп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Жалған ақпарат таратқандар 10 жылға сотталуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Сейдуалиев жалған ақпарат таратқан азаматтар Қылмыстық кодекс бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескертті. "Қылмыстық кодекстің 274-ші бабы "Көрінеу жалған ақпарат тарату" деп аталады және оның санкциясында 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көрсетілген. Мәселен, облыста Мақтаарал, Шардара аудандары мен Кентау қаласында 3 дерек тіркелді", - деді Әбдіғани Сейдуалиев.

Облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасарының сөзінше, күдікке ілінгендер коронавирусқа байланысты жүріп жатқан оқу-жаттығу жұмыстарын ұялы телефонға түсіріп, сол өңірлерде оба тарап жатыр деген мағынада бейнематериалдарды әлеуметтік желілерде таратқан.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстарының жүріп жатқаны белгілі болды.

Еске сала кетсек, коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан шымкенттік тұрғын халықтан кешірім сұрап, өз әрекетін қайталамауға шақырған еді.

 

 

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам