28 Қаңтар 16:38

Вирус азиялық компаниялардың акцияларын құлдыратуда

Фото:

Азиялық қор биржаларының көрсеткіштері Қытайдағы пневмония індетінің кең тарап кету қаупінен төмендеп кеткен. 

Алматы, NEGE. Оңтүстік кореялық Kospi индексі 2018 жылдың қазанынан бергі ең төменгі көрсеткішке құлдилаған.

Жапонияның Nikkei 225 қор биржасының индексі 0,85%-ға, Оңтүстік Кореяның Kospi индексі 3,37%-ға, австралиялық S&P/ASX 200 1,35%-ға құлдыраған.

Жапонияда Sony, Panasonic, Sharp секілді электроника өнімдерін шығаратын компаниялардың акциялары арзандаған. Honda Motor корпорациясының бағалы қағаздарының құны 2,15%-ға түсті. Компания өзге шетелдік компаниялар секілді Ухань қаласындағы зауыттарындағы қызметкерлерін шұғыл көшіруде. Сонымен бірге Қытайдан келетін туристерге қызмет көрсететін компаниялар да шығынға батуда.

Ухань мен осы қала орналасқан Хубэй провинциясындағы алапат індет Қытайдың автокөлік жасау өндірісіне де орасан зор шығын әкелуі мүмкін. Бұл өңірде GM және SAIC автоконцерндерінің бірнеше зауыты орналасқан.  

Тегтер: