USD
USD
USD

Валюта айырмашылығының шегі ұзартылды

Шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқуының белгіленген шектерінің қолданылу мерзімі ұзартылды.

Валюта айырмашылығының шегі ұзартылды
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Қазақстан Ұлттық Банкі 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан белгіленген ауытқу шегін шектерінің қолданылу мерзімін ұзарту туралы хабарлайды», - деп хабарлады жұма күні Ұлттық банк баспасөз қызметі.
Бұл шара айырбастау пункттерінде алыпсатарлық операцияларға жол бермеуге, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және әлемдік қаржы нарықтарындағы құбылмалылық жағдайында қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
«Шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқуының белгіленген шектері: АҚШ доллары үшін – 6 теңге; еуро үшін – 7 теңге. Белгіленген шектеулер қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізілетін айырбастау операцияларына қолданылмайды», - деп еске салды Ұлттық банкте.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 19 наурызда Қазақстан Ұлттық Банкі елде төтенше жағдайдың қолданылу уақытында айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгіледі. 2020 жылғы 8 мамырда осы шараның қолданылу мерзімі 2020 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан терроризм индексінде ең қауіпсіз елдер қатарына кірді

террор

Өскемен ауасын ластағаны үшін «Казцинкке» 20 млн теңге айыппұл салынды

Өскемен

1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді

Сынып

Павлодарда ер адам 125 млн теңгенің мүлкі үшін әйелін суға батырып жіберген

су