21 Қазан 13:04

«Үлкен үштіктің» Қазақстанды өз рейтингтеріне қосуы қанша тұрады?

Фото:

Ұлттық экономика министрлігі «Үлкен үштіктің» сарапшылары Қазақстанды өз рейтингтеріне қосуы үшін ақша төлейді. Мысалы, 2019 жылы министрлік 523 млн, 2020 жылы – 630 млн, ал 2021 жылы 129 миллион теңге бөлуді жоспарланған.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бюджеттік қаражат Standard&Poor’s, Moody’s және Fitch халықаралық рейтингтік агенттіктерінің Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін бергені және үш жылдық кезеңге жасасқан шарттарға сәйкес шығарылған облигациялар үшін көрсететін қызметтерге ақы төлеуге бағытталған, – делінген министрліктің бюджеттік бағдарламасында.

«Үлкен үштіктің» сарапшылары жасаған рейтингтік бағалар инвесторлар табу, халықаралық қаржы ұйымдарынан несие алу кезінде ықпал етеді.

Фото: DW

Аталған ұйымдардың сарапшылары Қазақстандағы экономикалық жағдайды қалай бағалағаны жайлы ақпаратты Үкіметтің ресми сайтынан табуға болады. Бұл хабарламаларда сарапшылардың «тұрақты» және «оң» деген болжам бергені айтылған.  

Қазақстандағы экономикалық жағдайды «оң» бағалауы үшін қазынадан қаржы бөлінетіні құпия емес. Кезінде бұл мәселені депутат Виктор Киянский көтергентін. Ол: «Біз көк тиын тұрмайтын рейтингтер үшін бюджеттен шығын шығарып әуреміз», – деген еді.

Тегтер: