17 Ақпан 12:53

Тұз экспортынан – $6,3 миллион

Фото:

2019 жылы еліміз тұз экспортынан $6,3 млн пайда көрді, деп хабарлады ҚазТАГ  ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. NEGE. «2019 жылы елімізде 260 мың тоннадан астам тұз өндірілді. Бұл –2018 жылмен салыстырғанда 14,8 пайызға артық. 2019 жылы тұзбен ішкі нарықты қамтамасыз ету 143 %-дан (243 мың тонна) асқан болатын. Қазақстанда өткен жылы ас тұзы экспортының күрт өсуі тіркелді. 11 ай ішінде шет елге 6,3 млн АҚШ доллары сомасына 85 мың тоннаға жуық минерал жөнелтілді. Тауардың басым бөлігі Ресей Федерациясы мен Қырғызстан еліне сатылған», – делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.

Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2018 жылдың 11 айында экспортқа 102 мың долларға 3 мың тонна шығарылған екен.

«Осылайша, экспорттық нарықта жоғары сапалы және экологиялық тұрғыдан таза өнім басқа өндірушілерге мықты бәсекелес бола алды», – деген қорытындыға келген Қазақстанның ауыл шаруашылық министрлігі.

Тегтер: