Teslaның нарықтағы құны тұңғыш рет 100 млрд доллардан асты

23 қаңтар, 16:37
Teslaның нарықтағы құны тұңғыш рет 100 млрд доллардан асты
Фото: ғаламтордан

Егер компания бұл көрсеткішін бірнеше ай бойы ұстап тұра алса, компанияның иесі Илон Маск келісім бойынша 346 млн доллар алады.

Алматы, NEGE. Илон Маск компанияны одан әрі дамытуға ұмтылсын деген оймен ол үшін сыйақы төлеудің арнайы әдісін ойлап тапқан екен. Teslaның акцияларының құны сейсенбі күні қор биржасында 7,2%-ға өскен, ал сауда жабылар кезде бағалы қағаздар тағы 1,4%-ға қымбаттаған.

Қазір компанияның бір акциясы 555,1 долларға сатылуда. Жалпы компанияның құнды қағаздары былтырғы жылдың аяғынан бері қымбаттауда. Желтоқсанның 13-де Teslaның бір акциясы Nasdaq қор биржасында тұңғыш рет 500 доллардан асып, рекорд орнатқан еді.

Компанияның нарықтағы құнының өсуіне былтырғы жылы мол табыс табуымен және қытайда жаңа зауыт ашуымен, сонымен бірге Model Y кроссоверлерін шығара бастауымен байланысты дейді сарапшылар.