9 Қаңтар 16:20

Теңге жоқ жерден күшейді

Фото:

Бүгін теңге он айдың рекордын жаңартты. Қор биржасында долларға шаққандағы бағамы 376ға түскен уақыты да болды. Төл валютаның дәл осылай тәтті қылық көрсетерін ешкім күтпеген болатын.

Сулеймениге қастандық жасаған АҚШ теңгеге де жан бітірді. Таяу Шығыстағы дүрбелең мұнай бағасын көтергеннен кейін, KASEдегі сауда-саттықтың сценарийі өзгерген. USD/KZT жұбы бойынша алып-сату 377-ден төмен бағамен өткізіліп, ең минималды көрсеткіші 376 болды.

Tengenomika cарапшылары, мұнай бағасы мен теңге бағамы арасындағы динамика алшақтығы ұлттық валютаның жеткілікті деңгейде бағаланбай отырғанын көрсетеді дейді.

Олардың ойынша теңгенің долларға шаққандағы дәл қазіргі әділетті құны 350, бірақ Ұлттық Банк теңгенің тым күшеюіне де мүдделі емес. Сондықтан ұлттық валютаның өсуін тежеп отыр. 

Ал экономист Мұрат Темірханов Тенгриньюске берген пікірінде мұнай бағасының өсуі теңгенің күшейіне тікелей әсер етпеуі тиіс деген болатын. Себебі мұнай сатудан түсетін долларлар тікелей Ұлттық Қорға кетеді. Оның бюджетке еш ықпалы жоқ. Жалпы теңге жақын арада 380нің төңірегінде тұрақталады деген жаны бар пікір айтылып келеді. Теңгенің амплитудасы 4-5 теңгеден ары секірмей тұрақтануы отандық бизнеске ауадай қажет. Оны қадағалаушы орган да түсінеді. 

Тегтер: