USD
USD
USD

Тараз әкімі қызметінен босатылды

Қайрат Досаев Тараз әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлады ҚазТАГ

Тараз әкімі қызметінен босатылды
Фото: NEGE.kz

тілшісі.

Алматы, NEGE. «ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тараз мектебіндегі жағдайға байланысты берілген тапсырмасына сәйкес, өзіне жүктелген міндетін тиісті түрде атқармағаны үшін Тараз әкімі Қайрат Досаев 21 қарашадан бастап қызметінен босатылды. Тараз әкімінің уақытша міндетін атқарушы болып Бейсенбек Жанбосынов тағайындалды», – деп хабарлады  Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кеше президент Тоқаев Жамбыл облысының әкіміне Тараз әкімін қызметінен босату туралы тапсырма берді, «12 жасар оқушы зардап шеккен Тараз мектебіндегі жағдайға байланысты және қала басшысының жұмысында жүйелі түрде кемшіліктер жібергені үшін» облыс әкімінің өзіне ескерту жасады.

Еске салсақ, 15 қарашада мектеп ауласында даладаға дәретханада қыз баланы зорлап кеткен болатын. Зардап шегуші сабақ кезінде дәретханаға сұранған жетінші класс оқушысы. Аталмыш дерек бойынша, облыстағы ПД ҚР ҚК 120 бабы 4 бөлімі және 121 бабы 4 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Аса ауыр қылмыс жасаған күдікті ұсталды. Зардап шегуші оны таныды. Қазіргі таңда ол Тараздағы УҰИ уақытша қамалды.

Қазір оқып жатыр

Қостанайдағы сайлау учаскесінде Қыдыр ата дауыс берді

Қыдыр ата

Астанада танымал волонтер жас жігітке жыныстық сипаттағы зорлық көрсетті деген күдікке ілінді

Күдікті

Қонаев қаласында ретрокөліктер шеруі өтті

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Референдумда билік өкілдерінен кімдер дауыс беріп үлгерді?

Олжас Бектенов