USD
USD
USD

Танымал ақын «Дикий Арманға» ода арнады

"Дикий" лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиев әлеуметтік желіге бейнежазба жүктеді. Видеода елге танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев "Дикиге" арнап, ода айтады. 

Танымал ақын «Дикий Арманға» ода арнады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Арманды көріп, сұхбаттас болғандар: "Ол өзін қылмыскер емес, батыр деп атайды" дейді. Соңғы уақытта "Дикий Арман" - Арман Жұмагелдиевтің қандай да бастамасы қоғамға тез тарап, қолдау тауып жүр. Өз атына өзі ғана емес, өзгелер де "батыр" атағын қосып айтатынды шығарды. Арманның не айтқаны, істегені елді қызықтырып жүр.

Nege.kz редакциясының YouTube желісіне жүктеген  Арман жайлы видеосына 1 айдың ішінде 7 мыңнан астам ұнату белгісі басылып, 255 мың рет қаралды. Оған жазылған 1000 пікірдің дені жағымды. Бұл нені аңғартады?

Арман Жұмагелдиев әлеуметтік желіде өте белсенді. Күні кеше бірнеше видео жүктеді. Видеоның бірінде Қазақстанға танымал айтыс ақыны Балғынбек Имашев:

"Адамзаттың ақылы талғамда тұр,
18-қабаттан биік шығып, абадандар мінекей заңғарда тұр.
Осындай азаматтар құрметіне, Балғынбек жырдан шашу арнап жатыр.
Бодан болып арманы өлген қазағымның
Арманын тірілтті ғой Арман Батыр", – деп жырлайды. 

Видеодан байқасаңыздар, аталған жиында кіл жігіттер бас қосқан. Сондықтан да болар Есенқұл Жақыпбеков пен Жәкен Омаровтың қазақ даласында кеңінен танымал "Біздің елдің жігіттері" әні шырқалған. Жиылғандар ән мен әншіні ұйып тыңдап, бейнежазбаға түсіруде. Артқы фондағы "Дикий" Арманның отырысы мен қозғалысы тіпті ерекше.

Оқи отырыңыздар: «Жабайы Арман» НЕГЕ жақсылыққа шақыра бастады?

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар