21 Мамыр 00:21

Шетелге кеткен қазақстандықтар зейнетақы қорынан 10 млрд теңге шешіп алған

Фото:

2021 жылдың басында қазақстандықтар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 10 млрд теңге шешіп алған, деп хабарлайды LS сайты. 

БЖЗҚ ресми сауалға берген жауабында бұл қаражатты Қазақстаннан басқа елге тұрақты тұру үшін көшкен салымшылар алғанын хабарлады. 

«2021 жылдың басында 4,6 мыңнан астам адам (4683 төлем) сомасы 10,6 млрд теңгеге жуық төлем алған. Салыстырмалы түрде 2020 жылы – 6,2 мың 12,6 млрд теңге», – деп атап өтті зейнетақы қоры. 

Қордың хабарлауынша, 1,4 млрд теңге болатын 538 төлем ұлттық валютада аударылыпты. Ал 8,7 млрд көлеміндегі 4 мыңнан астам төлем рубльмен, 400 млн теңгелік 87 төлем доллармен, 100 млн теңгелік 28 төлем еуроға және 10 млн теңге болатын 3 төлем фунт стерлингпен аударылған. 

«Фунт стерлингпен аударылған төлемдер Ұлыбритания және Ресейге жүргізілген. Доллармен – Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан, Канада, АҚШ, Израиль, Австралия және өзге елдерге, еуромен – Германия, Италия, Нидерланды, Швеция және т.б. елдерге жүргізілген», – дейді БЖЗҚ өкілдері. 

Шетелде тұрақты тұруына байланысты жинағын шешіп алғандар Қазақстаннан мүлдем кетіп қалды дегенді білдірмейтінін аңдапты ведомстводағылар.

«Зейнетақы ақшасы жеке зейнетақы шоттарында мерзімсіз сақталады. Төлемдер үшін тұрғылықты мекен-жайға қарамастан кез келген уақытта жүгінуге болады. Қазақстаннан тыс жерлерге шыққаннан кейін бес және одан да көп жыл өткен соң төлемге жүгіну жағдайлары да жиі кездеседі», – деп атап өтті. 

2021 жылдың І тоқсанында 5519 адам елден кеткен. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстаннан кеткендер саны 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға азайған. 

Тегтер: