Экономика жаңалықтары

12.02.20 Вирус бой берер емес. Коронавирус CNPC жұмысын тоқтатса, 2 миллиард доллардан айрыламыз

CNPC мен Sinopecтен кейінгі Қытайдың үшінші мұнай-газ алпауыты CNOOCтың газ импортын тоқтатып, кейбір келісімдер үшін форс-мажор сұрауы коронавирустың мұнай-газ саласына да ауыз салғанын байқатты. "CNOOC басына туған күн CNPCге де туу мүмкін" дегендер ондай жағдайда, Қытайга газ экспорттап отырған Қазақстанның да табыстан айрылу мүмкіндігін жоққа шығармайды   

12.02.20 Ұлттық қор мұнайдан бөлек 4,2 миллиард доллар кіріс түсірді

Ұлттық қор инвестициялық жолмен 2019 жылы 4,2 миллиард АҚШ доллары көлемінде пайда тапқан. Оған қор нарығы мен акциялардың өсуі сеп болды

12.02.20 Ұлттық банк еншілес екі ұйымын біріктіруді аяқтады

Ұлттық Банк шешімі бойынша жүргізілген «Баспана» акционерлік қоғамын Қазақстанның орнықтылық қорына қосу арқылы ерікті түрде қайта ұйымдастыру процесі аяқталды

12.02.20 Алматыда элиталық үй иелері бюджетке 30 млн теңге қарыз

Медеу аудандық мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша, аудандағы жеке тұлғалардың мүлік салығының берешегі 77,8 миллион теңгеге жеткен. Оның жартысына жуығы (31 млн теңге) элиталық тұрғын үй кешендерінде орналасқан пәтерлерге тиесілі.

11.02.20 Қай аймақтар инвестицияны көбірек тартты?

QazEconomy инвестицияны көбірек тартқан аймақтар рейтингін жариялады. Инвестициялық сыйымдылығы ең жоғары кәсіпорындар Атырау облысында орналасқан, ондағы жете капиталдандыру көлемі 2019 жылы 4,3 трлн теңгені құрады, бұл 2018 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,5%-ға артық

10.02.20 Өзбекстан Қазақстанның аяқ-киім нарығын жаулауға әзірленуде

Өзбекстанның аяқ-киім өндірісі саласына жақын уақытта 420 миллионнан астам доллар көлемінде инвестиция құю көзделген. Бұл туралы «Узчармсаноат» қауымдастығының басшылығы мәлімдеген

10.02.20 Әсіреұлтшылдықтың экономикаға әсері қандай?

Экономист ғалымдар ұлтаралық қақтығыстар болған уақыттағы сол елдің экономикалық жағдайын 1980 жылдан бері зерттеп келеді. Оның ішінен британ профессоры Пол Кольердің, Разумков орталығы сарапшыларының талдау нәтижелеріне назар аударуға болады. Нәтижесінде, зерттелген барлық жағдайларда ұлтаралық араздық мемлекет экономикасын кері тартқаны анықталған

10.02.20 Мұнай бағасы арзандауда

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (OPEC) 2020 жылдың наурызында министрлер кездесуін өткізу туралы шешімінен кейін мұнай бағасы арзандап кетті