Экономика жаңалықтары

20.02.20 Ет қымбаттады

Қазақстанда сиыр және қой еті бір жылда 16-17 пайызға қымбаттады. Еттің бағасы туралы Energyprom.kz порталының сарапшылары айтып берді.

20.02.20 AQR-дың алғашқы құрбаны табылды ма?

Қазақстан қор биржасы 2020 жылдың 4 наурызында "Нұрбанк" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетіні туралы хабарлады. "Күн тәртібіне шұғыл түрде екі мәселе - банктің жай акцияларына айырбасталған облигациялар шығарылымы мен жарияланған жай акцияларының санын арттыру туралы сұрақтардың қойылуы бекер емес дейді" сарапшылар. 

19.02.20 Ендігі ақшаларға қолтаңба қойылмайды

ҚР Ұлттық банкі номиналы 2 мың теңгелік банкноттарда реттеуші басшының қолтаңбасы болуы міндетті емес екенін мәлімдеді.

19.02.20 Халықтың несиесі көбейді, экономика НЕГЕ әлсіремейді?

Ұлттық банк төрағасы Е.Досаев, тіпті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың да халықтың тұтынушылық несиені көптеп алуынан қорқатыны байқалды. Алдымен әлеуметтік әлжуаз топтардың несиелерін мемлекет жауып берді, артынан олардың қайтадан тұтынушылық несие алуына заң бойынша тиым салынды. Бірақ халықтың мойнындағы қарыз өссе де, одан келіп-кетер проблема жоқ деп санайтын сарапшылар да бар. 

19.02.20 Алматылықтар газға қосылу үшін пайызсыз несие ала алады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарымен өткен есептік кездесуде газдандыру жұмыстары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

19.02.20 Мемлекет шығындары 128,6 млрд теңгеге қысқарады

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың басым емес шығыстарын қысқартпақ.

18.02.20 Биыл 14 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев 2020 жылға арналған жоспары туралы айтты

18.02.20 "AQR Жұмадағы" акция! Банктер НЕГЕ тексеру нәтижесінің жариялануын қаламайды?

Кеше Курсив осыдан бір апта бұрын Ұлттық банк өткізген AQR кешенді тексеруіне қатысқан барлық 14 банктің аудит нәтижелерін алғаны туралы жазды. Бүгін біраз сарапшы Ұлттық банктің тексерудің толық қортындысын алдағы жұмада жариялайтыны туралы хабарлады