10 Ақпан 17:46

Өзбекстан Қазақстанның аяқ-киім нарығын жаулауға әзірленуде

Фото:

Өзбекстанның аяқ-киім өндірісі саласына жақын уақытта 420 миллионнан астам доллар көлемінде инвестиция құю көзделген. Бұл туралы «Узчармсаноат» қауымдастығының басшылығы мәлімдеген.

Алматы, NEGE. 2019 жылы Өзбекстан 2018 жылмен салыстырғанда аяқ-киім өндірісін 1,4 пайызға өсіре алған. Бір жылда өзбек елінде 86,1 млн жұп аяқ-киім тігілген. Қазір Өзбекстан жасанды теріні 100 пайыз өздері дайындайды, аяқ-киімнің ұлтаны мен табанын 92 пайыз өздерінде жасайды.

Сонымен бірге «Узчармсаноат» қауымдастығының өкілдері жақын уақытта Қазақстан, Түркия және Әзірбайжанда кеңселер мен сауда үйлерін ашуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Өзбек кәсіпкерлері Қазақстанның жергілікті аяқ-киім өндірушілері баға мен сапа жағынан өздерімен бәсекеге түсе алмайтынына сенімді.     

2020-2022 жылдары Өзбекстанда аяқ-киім өндірісі бойынша жалпы құны 421 млн долларды құрайтын 248 жаңа жобаны іске қосу көзделген. Нәтижесінде биылдың өзінде 7 500 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұл жобалар жыл сайын 360 миллион доллардың өнімін өндіретін болады деген жоспар бар.

2018 жылы Өзбекстан шетелге 139 млн доллардың аяқ-киім, тері-былғары өнімдерін экспорттаған. 

 

Тегтер: