23 Қаңтар 12:59

Отандық сиыр еті Қытайда

Фото:
Бейжіңде "Синьфади" ауыл шаруашылығы өнімдерінің халықаралық көрме орталығында

 қазақстандық компаниялар мұздатылған жоғары сапалы еттің алғашқы партиясын жеткізуге арналған ресми шара өтті.

Алматы, NEGE. Арнайы іс-шараға Қытай Министрлер кабинетінің, Бейжің қалалық үкіметінің, сондай-ақ ҚР СІМ мен ҚР АШМ өкілдері қатысты.

Ресми іс-шара Қазақстан мен Қытай арасындағы ветеринариялық қызметтерді тиімді атқаруды көздейді. Бейжіңде сиыр етін экспорттау үшін келіссөздер жүргізіліп, хаттамаға 2018 жылы 7 маусымда қол қойылды. 2019 жылдың сәуірінде Ветеринарлық сертификат келісілді. ҚХР Бас кеден басқармасы қазақстандық төрт кәсіпорынды Қытайға сиыр етін экспорттау құқығы бар тізімге енгізді. Келісім шарт күшіне енгеннен бері отандық компаниялар 4,5 мың тоннаға жуық сиыр етін жеткізді.   

Сиыр етін ҚХР экспорттауға құқығы бар отандық кәсіпорындардың қатары әліде көбейетін болады. Қазіргі таңда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі екі ел арасындағы талапқа сай, ет өңдеуші кәсіпорындардың қатарын толықтырумен айналысып жатыр.

Тегтер: