4 Ақпан 16:57

Министр: Қазақстан өзін алма, ірімшік және құс етімен қамтамасыз ете алмай отыр

Фото:

Қазақстан өзін  азық-түліктің алты түрі бойынша қамтамасыз ете алмай отыр, оның ішінде алма, ірімшік және құс еті бар, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров. 

Алматы, NEGE. «Азық-түліктің негізгі түрлері бойынша қамту 80 және одан жоғары пайызды көрсетіп отыр, кейбірі  100%-дан да жоғары. Алты өнім ғана оған кірмейді: алма (69,5%), балық (62%), шұжық өнімдері (61,1%), ірімшіктер мен сүзбе (58,4%), қант (54,4%) құс еті (51,2%). Осы  өнімдер бойынша әзірге импортқа тәуелділік бар», - деді Омаров үкімет отырысында.

Бұл ретте ол жалған ірімшікті анықтау қажеттілігін атап өтті. Бұдан бөлек, Қазақстан өзін күрішпен, макарон өнімдерімен, пісте майымен, тұзбен толық қамти алады.

«Тұзға келсек, онда ішкі нарықты қамту 2018 жылы 263% (224,7 мың тонна) болған. 2019 жылы 261,6 мың тонна өндірілді, бұл 2018 жылғы өндірістен 16,4% жоғары», - деді Омаров.

Бұл ретте министр атап өткендей, азық-түліктің сегіз түрі бойынша Қазақстандағы импорт үлесі 15%-ға артады.

Тегтер: