28 Қаңтар 14:28

Мамин бюджет шығынын қысқартуды тапсырды

Фото:

ҚР Премьер-министрі Асқар Мәмин министрлер мен әкімдерге бюджеттің тиімсіз шығындарын қысқарту жөнінде ұсыныс дайындауға бір апта уақыт берді.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Мемлекет басшысы бюджеттің тиімсіз шығындарын қысқартуды тапсырды. Мұның ішінде квазимемлекеттік сектор да бар. Қаржы министрлігіне ұсыныс енгізу үшін министрлер мен әкімдерге бір апта уақыт беремін. Қаржы министрлігі екі аптадан кейін үкімет отырысында тиімсіз шығындардың қысқаруы жөнінде баяндайтын болады» деді премьер-министр.

Естеріңізде болса, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қымбат автокөліктер мен қажетсіз форумдарға ақша шығындауды тоқтатуды тапсырған-ды. Осы мәселеге байланысты Nege.kz порталы ірі қалалар мен облыс әкімдеріне бірқатар сауал жолдады.

Тегтер: