7 Ақпан 20:40

Қытаймен арада пошта байланысы тоқтамайды

Фото:

«Қазпошта» акционерлік қоғамы Қазақстан мен Қытай арасындағы пошта байланысына қатысты түсінік берді.

Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы пошта айырбасының тоқтатылуына қатысты жаңалық үлкен резонанс туғызды. Осы себепті мән-жайды түсіндірсек дейміз. Аталған хабарлама біздің клиенттерге Қытайдан келетін пошта тасымалының кешігуі ықтималдығын ескерту мақсатында таратылған», – деп хабарлайды «Қазпошта» компаниясының баспасөз қызметі.

Қытайдың пошталық әкімшілігі Қазпошта мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі арасындағы дәстүрлі авто, авиа, теміржол қатынасын ресми түрде тоқтатпаған.

Алайда, ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің поштасы жұмыс тәртібінде өз тарапынан пошталық жөнелтулер қабылданбайтынын және жіберілмейтінін жеткізген. Сол себепті, айырбас жүргізіліп жатқан жоқ. Айырбас қалпына келгеннен кейін барлық клиентке ол арнайы хабар таратылмақ.

Тегтер: