8 Ақпан 15:50

Қытай вирустан қалай әлсіреуде?

Фото:

Қытай билігі қатаң карантин енгізіп, тұрғындарды сақ болуға шақырды. Зауыттар жаппай жабылуда. Осы факторлар экономикалық белсенділіктің төмендеуіне әкелді. Қаржы нарығында Қытай банктері активтерінің сапасы едәуір нашарлады

Қытайдың көлік министрлігі 10 күндік жаңа жылдық мерекелердегі сапарлар былтырға қарағанда 73 пайызға төмендегенін хабарлады. Теміржол тасымалы 67%-ға, автокөлік тасымалы 73%-ға, авиация 57%-ға құлаған.

Несие портфелінің сапасы нашарлап кетті. Ішкі туризм орасан шығын шегуде. Мейрамханалар, кафелер адамның жоқтығынан несиелерін қайтара алмауы мүмкін. Кредиттің қайтпауынан Хубэй елді-мекені мен оның астанасы Уханда шоғырланған банктер зардап шегеді деп күтілуде. Қытай Орталық банкінің мәліметтері бойынша Хубэйдегі депозиттер мен несиелер ел бойынша 3 пен 3,3 пайызды құрайды.

Өткен жылдың қыркүйегінде Қытайдағы жұмыс істемейтін қарыздар деңгейі (NPL) 1,9% құрады. Мысалы Қазақстанда ол көрсеткіш 8,13 пайыз деңгейінде. Вирус NPL-ді қаншалықты арттыратыны әзірге белгісіз.

Тегтер: