25 Қыркүйек 16:37

Қытай криптовалютаға тыйым салды

Фото:
Қытай криптовалютамен байланысты кез келген операцияны заңсыз деп жариялап, оған тыйым салды. 
 
Алматы, NEGE. Бұл туралы осы елдің Халық банкі хабарлады.
 
Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, барлық криптоактивтер мемлекет шығарған валюта болмағандықтан нарықта айналымға түсе алмайды.
 
Осыған байланысты елде криптовалюта майнингімен күресу үшін тиісті шаралар қолға алынбақ.
 
Мәлімдемеден кейін биткоин 3,5 мың долларға арзандап, 1 биткоин 41 мың долларға түсті.
 
Сондай-ақ биткоинмен байланысты акциялардың құны да арзандады.
Тегтер: