Кем дегенде бір пәтер. Пайдалы қазбаға бай 10 жер телімі электронды аукционға шығарылды
Олардың ең арзаны 20 миллион теңге, ал қымбаты 60 миллион тұрады.
Бұған дейін біз елдегі көмірсутегі қордаланған кен орындары енді бұдан былай электронды аукцион арқылы сатылатыны жөнінде жазған болатынбыз. Шикізатпен айналысатын кәсіпкерлер бұл күнді асыға күткен еді. Естеріңізде болса, ағымдағы жылдың 30 шілдесінде Энергетика министрінің осыған қатысты арнайы бұйрығы бекітілген болатын. Оған сәйкес, қыркүйек айынан бастап, жер қойнауын пайдалануға мүдделі адамдар аукционға интернет арқылы онлайн түрде қатыса алатын болған.
-
Тақырыпқа орай: Мұнай онлайн
Енді ҚазТАГ хабарлауынша, алғашқы 10 жер телімі сатылымға шықты. Ең қымбаты Сағыз телімі. Аумағы 4 962,24 шаршы шақырым. Кен орны Атырау және Ақтөбе облыстарының аумағында орналасқан.
«Сағыз участкесі: сауда-саттық түрі - көмірсутектерді ұлғайтуға арналған аукцион; аукцион сомасының басты мөлшері - Т60 199 260; қатысу жарнасы - Т277,800», - деп хабарланады, мемлекеттік мүліктің электрондық сауда алаңында.
Сондай-ақ, электронды сайтта тағы тоғыз кен орны саудаға түсті. Олар: бағасы 20 668 320 теңгелік Қарабау учаскесі, 38 641 980 теңгелік Забурунье учаскесі, 34 336 080 теңгелік Бегайдар учаскесі, 60 560 400 теңгелік Дереш учаскесі; 32 363 700 теңгелік Балқұдық учаскесі, 36 502 920 теңгелік Бестерек учаскесі, 36 697 380 теңгелік Үштаған учаскесі, 33 863 820 теңгелік Қошалақ учаскесі мен 43 309 020 теңгеге бағаланған Сарайшық кен орны.