25 Қараша 10:55

KEGOC компаниясының басшысы қызметінен кетті

Фото:

  24 қарашада «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтті.

Алматы, NEGE. Бақытжан Қажиевтың өз ұсынысымен «KEGOC»АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен Басқарма төрағасы болып Қаныш Молдабаев үш жыл мерзімге тағайындалды, оның Директорлар кеңесінің төрағасы ретіндегі өкілеттігі де мерзімінен бұрын тоқтатылды. Ал Директорлар кеңесінің төрағасы болып Сүйіншілік Тиесов сайланды. Сонымен қатар Ернат Бердіғұловты «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі ретінде «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі етіп сайлау туралы шешім қабылданды.

С.А. Тиесов пен Е. К. Бердіғұловтың өкілеттік мерзімі жалпы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзімге белгіленген. Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев 25 жылдан астам басқару тәжірибесі бар. Еңбек жолын 1987 жылғы тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданы электр желілерінің слесарі қызметінен бастады. 1987-1999 жылдары пайдалану мен жөндеуден бастап Павлодар облысы Баянауыл ауданының электр желілерінің бірінші басшысына дейін әр түрлі лауазымда жұмыс істеді. 1999-2003 жылдары Павлодар облысы Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2003-2004 жылдары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында оқыды. Оқуды аяқтағаннан кейін, 2004 жылдан 2007 жылға дейін Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасы басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. Содан кейін «KEGOC» АҚ-ға жұмысқа ауысты, 2007 жылдан бастап 2009 жылға дейін – «KEGOC» АҚ «Солтүстік ЖЭТ» филиалының директоры, 2009 жылдан бастап 2011 жылға дейін - ҰЭТ-ты дамыту департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2011 жылдан бастап 2012 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ Индустриялық активтерді басқару жөніндегі директоры болып жұмыс істеді. 2012 жылдан бастап 2018 жылға дейін «Самұрық-Энерго» АҚ-да Инновациялық-технологиялық саясат және даму департаментінің директорынан, Даму және сату жөніндегі басқарушы директор-Басқарма мүшесінен бастап Басқарма төрағасының бірінші орынбасарына дейін түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап 2019 жылға дейін «Қазақстан атом электр станциялары» АҚ Бас директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2019 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін «Энергетика» секторының басшысы, «Самұрық-Қазына» АҚ Энергетикалық және тау-кен активтері дирекциясының директоры болып қызмет атқарды. Сонымен қатар 2021 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Қаныш Тәңірбергенұлы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болыпқызмет атқарады.

Тегтер: