4 Ақпан 13:21

Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі қай ел?

Фото:

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің дерегінше, Қазақстанның Италиямен сауда байланысы ерекше. Италиялықтар біздің елден өткен жылдың қаңтар-қараша аралығында жалпы құны 7,5 млрд АҚШ доллары көлемінде тауар импорттаған. 

Алматы, NEGE. Комитет Қазақстан экспортының цифрлық дерегін ұсынды. Аталған мерзімде 52,4 млрд АҚШ долларының тауары сыртқа сатылған. Мұның ішінде табиғи қазба байлықтармен қатар отандық өнімдер де бар. Италиядан кейін біздің тауарды қытайлықтар көп сатып алған. Елдің ірі сауда серіктестерінің қатарында Ресей, Нидерланд, Франция, Корея, Швейцария, Түркия мен Испания бар. Аталған елдер 11 айдың ішінде Қазақстаннан құны 2 млрд АҚШ долларынын жоғары болатын тауар импорттап отыр. 

Тегтер: