Қазақстанда депозит мөлшерлемесі өсті
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгедегі депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді көтерді.
Алматы, NEGE. Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесін ұлғайтқаннан кейін Депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылдың ақпан және наурыз айлары үшін қысқа мерзімді депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелерді көтерді.
"Сонымен қатар, теңгелік ұзақ мерзімді салымдардың тартымдылығын қолдау мақсатында 12 айлық мерзімді депозиттер бойынша 2022 жылдың ақпан және наурыз айларына ұсынылатын максималды мөлшерлемелер және 12 айлық жинақ депозиттер бойынша 2022 жылдың наурыз айына ұсынылатын максималды мөлшерлемелер ұлғайтылды", - делінген хабарламада.
Өзгерістер 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап қолданысқа енгізіледі және осы күннен бастап, банктер өзінің депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қайта қарауға құқылы.
Қазір оқып жатыр
Өнеркәсіптен креативті экономикаға дейін: «Әділет» партиясының штабы Атыраудың тұрғындарымен кездесті
Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады
«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі
Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды