USD
USD
USD

Қазақстан: коронавирусқа қарсы күреске 23 млрд теңге бөлінген

Коронавирус инфекциясымен күрес аясында жүргізіліп жатқан эпидемияға қарсы іс-шараларға 23 468,5 млн теңге бөлінді.

Қазақстан: коронавирусқа қарсы күреске 23 млрд теңге бөлінген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен ҚР Үкіметінің резервінен қаражат бөлу мәселесіне арналған баспасөз конференциясында айтылды.

«Эпидемияға қарсы іс-шараларға 23 468,5 млн теңге бөлінді. Оның ішінде жеке қорғаныс құралдарын, дезинфекциялық құралдар, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға 20 624,9 млн теңге, жылу түсіргіштер, зертханалық жабдықтар мен коронавирусты анықтауға арналған сынақ жүйелерін сатып алуға - 2 712,5 млн теңге және Қытайдағы қазақстандық азаматтарды эвакуациялау үшін - 131,1 млн теңге бөлінді», - дейді ҚР Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов.

Оның айтуынша, аталған қаражат аясында аймақтарға жеке қорғаныс құралдарын, дезинфекциялық құралдар, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға мақсатты трансферттер 11 563,9 млн теңгені құраған. «Оның ішінде 30%-ға жуығы, яғни 1 412,4 млн теңге - Нұр-Сұлтан қаласына, 1 419,9 млн теңге - Алматыға, 605 млн теңге - Шымкентке бағытталды», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Магеррам Маггеррамов: Салық реформасы бюджет тапшылығын жаба алмады

Салық

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ