19 Наурыз 01:08
...

Карантинге жабылған Нұр-Сұлтан мен Алматыда не болып жатыр?

Фото:

Бүгін 19 наурыз түнгі сағат 00:00-де Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылды.

Алматы, NEGE. Бүгінгі күннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматының айналасындағы көлік пен адам қозғалысын шектеу үшін арнайы блокпосттар орнатылды.

Нұр-Сұлтанда 6 қадағалау бекеті, Алматыда 27 қадағалау бекеті жұмыс істейді, санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар күшейеді. 

Тілшіміздің хабарлауынша, Алматыда блоктарды толығымен қойып үлгермеген. Әзірге көліктер кіріп-шығып жатыр.

Сондай-ақ, бас прокуратура карантин кезінде тәртіп бұзғандар 26 510 теңгеге (10 АЕК, 1 АЕК - 2651 теңге) көлемінде айыппұл төлейтінін немесе 15 тәулікке қамауға алынатынын ескерткен. Ал билік өкілінің талабын орындамағандар 5 милллион 302 мың теңге (2 000 АЕК, 1 АЕК - 2651 теңге) айыппұл төлеуі немесе 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тегтер: